14.12.2016, 16:11
Оқылды: 48

Шыңғырлаулық тəртіп сақшыларына жаңа автокөліктер берілді

screenshot_2016-12-15-06-06-27-1Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімінде бүгін тағы бір қуанышты оқиға орын алды. БҚО әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс бойынша барлық ішкі істер бөлімдеріне 60 автокөлік сыйға тарқан болатын. Облыстан берілген су жаңа үш автокөліктің кілтін аудан әкімі Альберт Есалиев аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Сергей Астафьевке салтанатты түрде табыс етті. 


- Міне, бүгін Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында облыс әкімінің өкімімен бөлінген 60 автокөліктің үшеуі біздің ауданға да бұйырды. Полицияның материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған бұл қамқорлық тəртіп сақшылары қызметін жақсарта түсеріне сенім мол.

screenshot_2016-12-15-06-06-49-1Көліктер ел қажетіне жарасын, еліміз тыныш, халқымыз аман, жұмыстарыңыз жемісті болсын, - деді аудан әкімі Альберт Темірболатұлы.
Облыс және аудан әкіміне алғыс сезімін білдірген С.Астафьев тұрғындар тыныштығын сақтап, құқық бұзушылықты жою үшін қызметкерлерінің білімдері де, тәжірибелері де жеткілікті екенін айтып, жұмыстарының алдағы уақытта да нәтижелі болатындығына ұжым атынан уәде етті.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале