8.07.2022, 21:54
Оқылды: 101

Шығымдылығы жоғары шөптің бағасы да жоғары

Халқымыз: «Шөмелені шөбім бар» деп айтпа деген. Дегенмен, биылғы жылы ауданымызда Алла сәтін салып, жауын-шашын мол болды. Соның нәтижесінде малға қажетті шөптің де шығымы жоғары. Аудан бойынша дайындалатын 300 мың мың тонна шөпті әзірлеу қиынға соқпасы анық. Қалай болғанда да, жаздың қолайлы кездерін пайдаланып қалғанымыз жөн.

ÿÙúÙ¼ñÙ½ÙúÙ ª«úáÓÙ Þ«»Ô¿¡ íáúáßÙ ñá ª«úáÓÙ

«Қыстың қамын жазда ойла» дегендей, Казталов ауданында шөп шабу науқаны басталып кетті. Қазіргі күнде аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің берген ақпараттарына сүйенсек, ауданға қарасты округтер бойынша 300 мың тонна шөптің 25 пайызы дайындалып үлгерген. Яғни, 75 мың тонна шөп дайын. Бұл тек қырлықты шабу арқылы түскен мал азығы. Ал көлдіктер мен су шыққан лимандарға шөп шабатын техникалар әлі түсе қойған жоқ. Шығымдылығы жоғары шөптің бағасы да жоғары болып тұр. Қазіргі күнде 250 келі 1 бума (руллон) шөптің құны 4000-6000 теңгені құрайды. Бұл баға қуаңшылық кезіндегі бағамен бірдей. Жылма-жыл шөп бағасы қымбаттап жатқанын көруге болады. Бұл да мал азығын сатып алып, күнін көріп жатқан ағайындардың қалтасын біраз қағатыны сөзсіз.

Сандарды сөйлетейік

Иә, айтуға оңай болғанымен, шөп шабу, оны тасымалдау секілді біраз шығындар да жоқ емес. Тасымалды қоспаған кезде 1 бума шөпті шабуға кететін шығынды есептеп көрмек болдық. Аудандағы ауыл шаруашылығы мамандарымен бірлесе төмендегі сандарды сөйлеттік.
Мысалы, шөп шабуға қатысатын «Беларусь» МТЗ-82 тракторына бір ауысымға 42 литр дизель қажет. Онымен қоса 3 орақты КДП-6 агрегаты 1 ауысымда 21 гектар жерді шаба алады. Орташа есеппен трактор тізгіндеген механизаторға 200 мың жалақы, ал оның көмекшісіне де 200 мың жалақы төленбек. Биыл шөптің шығымдығы орташа есеппен 1 гектардан 5 центнер деп алуға болады. Тракторға қажетті дизельдің 1 литрі – 260 теңге. Бума буатын жіптің 1 келісі – 1500 теңге. Аммортизациялық шығын 20 пайыз. Бір ауысымның ұзақтығы 8 сағат. Жарайды енді осының бәрінің арифметикалық есебін шығарайық.

Шөп шабу шығыны

Жоғарыда жазылған МТЗ-82 тракторы КДП -6 агрегатын тіркеп, 1 ауысымда (8 сағатта) 21 гектар жерді шапты делік. Шөптің шығымдылығы гектарына 5 центнер. Сонда 1 ауысымда 105 центнер немесе 42 бума шөп шабылды. Шөп шабуға қатысқан 2 қызметкерге 13200 теңге (200000:30*2) төлесек, жанармайға кеткен шығын – 10920 теңге (42*260), аммортизациялық шығын 20 пайыз – 4824 теңге. 1 ауысымдағы шөп шабуға кететін шығынның барлығы 28944 теңгені құрады.

Бума дайындау

Шөпті шапқаннан кейін буатынымыз тағы бар. Ол үшін 250 келілік 42 бума дайындауға 7 келі шпагат жіп қажет. Оның құны 10500 теңге (7*1500) болса, шөп буған 2 жұмысшыға 13200 теңге (200000:30*2) қаражат беріледі. Шөп бууға қатысқан техниканың жанармайына 1 ауысымда 10920 теңге (42*260) шығындалса, 20 пайыз аммортизация – 6920 теңге. Барлығы шөп буу үшін 41520 теңге қаражат жұмсалмақ.

Түйін

Шөпті шабу мен бууға кететін шығынды қоссақ, 28944+41520=70464 теңгені құрайды. Сонда әрбір 250 келі 1 бума шөп дайындау үшін 1678 теңге (70464:42) шығын кетеді. 1 центнер шөптің құны 671 теңге (70464:105) болады. Бұл есептерге тасымал шығынын қосқан жоқпыз.
Бәрін есептей келе ауданымызда 1 бума шөптің құнын 3000 теңгеден де сатуға болатына көз жеткіздік. Сонда шаруалар халыққа ұсынып отырған 4000-6000 теңге қайдан шықты?
P.S Мақаламызды түйіндей келе, аудандағы барлық шаруашылықтарды аудандағы төрт түлік малға қажетті шөптің бағасын шарықтатпай, ақылға сиымды және халыққа қолжетімді бағамен сатуға шақырамыз!

Сонымен қатар келесі жылы Қоян жылының қысы күтіп тұрғаны бəрімізге аян. Алдағы қысқа тас түйіндей дайын болу үшін мал азығын молынан дайындап алуымыз керек. Оған биылғы жылы мүмкіндік көп, шөп те бітік шықты. Ауданның атқамінер азаматтары бос жатқан немесе тиімді пайдаланылмаған шабындық жерлерді шөп шабамын, қысқа мал азығын дайындаймын деген азаматтарға науқан кезіне ешқандай пайызсыз, уақытша рұқсат берілетінін де жеткізді.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале