6.08.2020, 20:41
Оқылды: 46

«Шыңғырлау әйелдері» бірлестігінің көмегі зор

Шыңғырлау ауданындағы әйелдер қауымы елімізге төнген қиын шақта қол қусырып қарап қалмады. Ең алдымен әлеуметтік желілерде  коронавирустың қауіптілігі және одан қорғану мен сақтық шаралары жөнінде пікірлерін жариялап, карантин кезінде тыныштық сақтау, оны отбасына арнау, пайдаға жаратуды насихаттап отырды.

1430E2C7-E778-4110-9A8D-920969100C19

  Іскер әйелдер бас қосып, 200-ге жуық маска тігіп, оны тұрғындарға, мүгедек жандарға, блокпосттарға тегін тарату жұмысын ұйымдастырды.

  - «Шыңғырлау әйелдері» төрайымы атынан үйде отырған әйелдерді өз қолдарынан маска тігіп, қайырымдылық іске үлес қосуға шақырған бейне-ролик әлеуметтік желіде жарияланды.    

Мүгедектер қоғамы арқылы және жекелеген отбасыларына бірлестік әйелдері қолдан тігіп, тегін маска үлестірді.

   Пандемея кезінде отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында 100 дана жадынамалар қиын отбасыларына беріліп, түсінік жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыс аудандық әкімдік жанынан құрылған штаб және ішкі саясат бөлімі арқылы жүзеге асты.

EDAF8A04-F4D5-43E1-8C77-DD2B5B4FBD32

Аудан орталығында психологиялық көмек беру мақсатымен психолог кабинеті жұмыс жасап, екі ай ішінде 11 әйелге ақыл-кеңес қызметі көрсетілді.

Сонымен қатар карантин кезіндегі, әсіресе әйелдер қауымына қолдау көрсету мақсатында облыс орталығынан «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе жұмыс атқарылды.

Бірлестік облыс орталығындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арналған орталықпен тығыз байланыста.

   Аудандық орталық ауруханаға ИВЛ аппаратын алуға қаражат жинауға да атсалысты.

  Сонымен қатар әйелдерді әлеуметтендіру де қарастырылмақ. Демалыс саябақтарында сақтық шараларын ескере отырып, ашық ауада тегін фитнес сабақтарын өткізу жоспарланып отыр, - дейді Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Жоламанова.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

        

,

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале