21.02.2024, 17:30
Оқылды: 58

Шыңғырлау аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімдігінде Шыңғырлау аудандық мәслихатының кезекті XVI сессия отырысы өтті.

сессия

Сессия жұмысына аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, аудан әкімі орынбасары, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары қатысты.

сессия2

Сессияның күн тәртібіне ауылдық округ әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі, аудандық мәслихаттың 2023 жыл 17 қаңтардағы №36-1 «Шыңғырлау аудандық, округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы», 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №14-5 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу, Шыңғырлау ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі аудандық кеңес құрамын бекіту, Шыңғырлау ауданы әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық кеңес құрамын бекіту, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу, аудандық мәслихат төрағасының есебі, Шыңғырлау ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту болды.

Күн тәртібіне бекітілген мәселелердің шешім жобасы аудандық мәслихат депутаттарына ұсынылып, жиын барысында жоғарыда аталған қатысушылардың есептері мен баяндамалары тыңдалып. Талқылана келе, дауысқа салынып, шешімдер қабылданды.

сессия1

- 2023 жылы ауданымызда көптеген жұмыс істелді. Аудан игілігі үшін бөлінген қаржы осылай өз орнымен, тиісті мақсаттары бойынша жұмсалып отырса, аудан өркендеп, дами бермек. Ауылға жастарды тарту басты назарда. Осы орайда жастарға барынша жағдай жасалып жатқаны қуантады. Биылғы жылы да өткен жылғыдай абыройлы қызмет етіп, әр мәселені жұмылып шешіп, бірлесіп жұмыс атқара берейік, - деді аудан әкімі.

 

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале