2.02.2024, 16:45
Оқылды: 103

Шыңғырлау ауданы әкімі Ақтау ауылында болды

Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округінде аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің тұрғындармен кездесу жиыны өтті. Жиында округ әкімі Руслан Тасименов өткен жылғы атқарылған жұмыс және ауылды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру мәселелері туралы баяндама жасады.

IMG-20240202-WA0136

Тұрғындардан көктемгі қар еруіне дайындық бойынша тасыған судан өту кезіндегі қайықтардың жұмысын ұйымдастыру, қайық тұратын жерлерге жарық шамдар орнату, сол сияқты көшедегі жарықтарды қарап, тексеріп, түзеп отыратын шаралардың электрик маманға жүктелуі сынды ұсыныстар түсті. Сондай-ақ ауыл тұрғыны Еркін Айманғалиевке ауылдың ішкі көше жолдарын үнемі тазалықта ұстап, қардан тазартып отырған жұмысы үшін халық атынан алғыс айтылды.

Ауыл тұрғыны Кенжес Ниязбаев қария ауылдастарына ауылдық мектептің бала санының жетіспей, жабылу алдында тұрғанын, мектеп жабылған жағдайда тұрғындар қоныс аудара бастайтынын ескерте келіп, туған-туыс, тумаларды, алыстағы ағайынды, келгісі келетін көпшілікті ауылға шақыруға кеңес берді.

«Елді мекендегі бала санын реттеп, мектебімізді жаптырмайық», - деген үндеу тастады ақсақал.

-Ауыл игілігі үшін бірлесе жұмыстанайық. Ауыл тұрғындарының айтар ұсыныстарына қолдау көрсетуге, қояр талаптарына кері байланыс беріп, әрқашан бірге жұмыстануға әзірмін, - деп аудан әкімі жиынды түйіндеді.

 

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале