6.05.2020, 15:28
Оқылды: 77

Шыңғырлау ауданы әкімі Алмазда болып, ауылдың қанатқақты жобаларымен танысты

Жуырда Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова жұмыс сапарымен Алмаз ауылдық округінде болып, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар болып қайтты.

Алдымен ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Ауылдың мүмкіндігін көре келе өз кәсібін ашуға ниет білдіріп отырған инвестордың өкілімен кездесіп, алдағы жоспарларымен танысты. Инвестор ағымдағы жылы 300 асыл тұқымды мал сатып алуды көздеп отыр екен. Инвестиция көлемі 120 миллион теңгені құрайды. Кәсіпкердің айтуынша, алдағы жылдары мал санын мың басқа жеткізу жоспарында бар. Алмаз ауылы табиғатының мал ұстауға қолайлылығын, жерінің шұрайлылығын ескерсек, бұл жерде кәсібін дөңгелетемін деген жандарға барлық жағдай бар.

84309128-BCC4-48C9-BB54-090D37147302

Мұнан әрмен аудан әкімі Самара-Шымкент тас жолының бойына болашақта салынғалы жатқан жанар-жағармай құю станциясы аумағына барып, аталмыш жобаны іске асыру мақсатында құзыретті мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

EE0C367A-C173-404B-84A3-FF4726B76B83

Аудан басшысы бүгінгі елімізде қалыптасып отырған ахуалға қарамастан түрлі шаруаларды батыл қолға алып отырған жандардың тірлігін көзбен көріп, сәттілік тіледі.

                                                        Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале