7.02.2019, 16:10
Оқылды: 31

Шыңғырлау ауданы әкімі есеп берді

Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиевтің тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. Шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов және орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары қатысты.


WhatsApp Image 2019-02-07 at 20.10.08

Есептік кездесу 2018 жылы атқарылған іс-шараларды қамтыған бейнероликтің көрсетілімімен басталып, аудан әкімі А.Есалиевтың баяндамасымен жалғасты. Баяндама барысында аудан әкімі жыл бойына тындырылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алға қойылған нақты жоспарлармен бөлісті.

-Өткен 2018 жыл шыңғырлаулықтар үшін нәтижелі жыл болды деп айтуға болады. Әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтіп, жаңа нысандар бой көтерді. Жаңа алаңдар салынып, ауылдарға ауыз су тартылып, жолдар күрделі жөндеуден өтті. Аудан бюджеті 2018 жылы 4 млрд. 207 млн. теңге боп, өткен кезеңмен салыстырғанда 10 пайызға артқан.

Былтыр аудандық қазынаға 386 млн. 600 мың теңге түскен. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 2 млрд. 626 млн. теңгеге жетіп, 67 пайызға өскен. Бюджеттік қаражат 1 млрд. 942 млн. теңге болса, меншікті қаражат есебінен салынған инвестиция – 685 млн. теңге,- дейді аудан әкімі.

Аман Ізмұхан,

сурет Александр Куприенко

Шыңғырлау ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале