Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйелмен әлем әдемі» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиынға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, мекеме басшылары, ауданның ардақты аналары мен түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер қатысты.

Аудан басшысы нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ әйелдердің отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғам өмірінің барлық саласында белсенді еңбек етіп жүргенін жеткізді.

Шара барысында түрлі салада абыройлы қызмет атқарып жүрген бірқатар әйел азаматтарға аудан әкімінің алғысхаттары табысталды.

Мерекелік кеш ер азаматтар дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы