25-28 наурыз күндері ауа-райы күрт жылынып, жаңбыр аралас қар жауды. Осындай табиғаттың тосын мінезі әбігерге түсіреді, әрине. Алайда Шыңғырлау ауданында алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстары, техникалар мен қажетті құрал-саймандардың сақадай сай болуы туындаған мәселелердің тез шешілуіне арқау болды.
Аудан басшылығы барлық шараларды басты назарда ұстап, жұмыстарды реттеп отырды. Сондай ақ дербес бөлім қызметкерлері, ауылдың тұрғындары да бір адамдай атсалысты.
Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округінде көктемгі су тасқынына дайындық кезінде 6-7 наурыз күндері Шыңғырлау өзенінде 607,7 шаршы метр мұз жару жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, көктемгі су тасқыны кезінде 5 техника, су сорғыш құралдар және 750 қапшық қойылды. Жергілікті атқарушы органдарға ауыл тұрғындары жаппай көмекке шығып, күндіз-түні кезекшілікте жүрудің арқасында ауылды аман-есен су тасқынынан алып қалды.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы