2.08.2025, 12:05
Оқылды: 162

Шыңғырлау ауданы: Қарағашта округ әкімі сайланбақ

Биыл Шыңғырлау ауданында ауыл әкімдерінің сайлауының тағы бір науқаны басталғалы тұр.

photo-output
Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 7 қыркүйегіне тағайындалуына орай аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұлыбек Қалиев Қарағаш ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты алдағы округ әкімінің сайлауына ауыл халқының сенімін ақтайтын үміткерлердің қатысуы және әр сайлаушының сайлауға белсене қатысып, өз таңдауларын жасау мақсатында оздырылды.
Жиында аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы алдағы округ әкімі сайлауының маңыздылығына тоқталып, ауыл тұрғындарының сайлауға қатысуға ниетті кандидаттар бойынша ұсыныстарын тыңдап, сондай-ақ тұрғындарды сайлауға қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Жиынға қатысқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Есенұлы сайлауды ұйымдастыру барысы туралы, сайлауға қатысуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып және әр сайлаушының сайлауғабелсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Кездесуде ауыл тұрғындарының ұсынстары мен сын ескертпелері тыңдалып, оларға жауап берілді.

Гүлназ Мұқан,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале