28.03.2026, 15:30
Оқылды: 6

Шыңғырлау ауданы: Тасқын суға сақтық керек

Көпті сабырға келтірген көктемнің жақсы мінезі-қардың жайлап еруі болып тұр. Аудан аумағында су басу қаупі жоғары елді-мекендер бар болғандықтан әрине, көптің көңілінде алаң болмауы мүмкін емес, дегенмен жай еріген қар суының жерге сіңіп жатырған ел үшін де, төрт түлік мал үшін де жақсылықтың нышаны. Алайда, қызыл су әдеттегідей өзен-көл арналарын толтырып жатыр. Мұз беті мен астын толтырған су сең көтеріп өзендерді тасытады. Бұл енді болатын жағдай болғандықтан, қауіп әлі сейілген жоқ. Қыр басы мен сай-сала, жыра-жықпылдан жиналған су екпінін мұз бөгейді, ол өз кезегінде су деңгейін көтеріп, жағалауға жақын елді-мекендер мен тегістік, жайылмаларды толтырады.  

image-27-03-26-03-57-1

«Қазгидромет» ауа-райын болжау орталығының мәліметі бойынша 2026 жылдың 21-27 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты өзендерде мұздық құбылыстардың әлсіреуі, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі делінген. Осы мәлімет көзі 26 наурыз күні Ақшат ауылы тұсында Шыңғырлау өзенінің көтерілу деңгейі-352 см (шекті деңгей-540 см), ал Ақтау ауылы тұсында - 286 см ( шекті деңгей- 650 см) құрап отыр дейді. Аталған ауылдар тұсында мұз бетімен қызыл су жүріп, мұз қарайған.
Жуырда ауданымызда арнайы өзен-көлдерді су басу қаупі бар тұстарында мұздарды жару, тасқын су жолын ашу жұмыстары жүргізілді.

image-27-03-26-03-57
Осы жұмыстарды атқарған «Normal Work» ЖШС-гінің мәліметінше Ақшат, Қайыңды, Ақтау ауылы тұстарындағы мұздың қалыңдығы 70-100 см аралығында. Бірнеше жерден мұзды жару жұмыстары жүргізіліп, тасқын судың жолы ашылып қойылды.

 

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале