13.01.2025, 14:00
Оқылды: 64

Шыңғырлау ауданында 7 түрлі мәдени ұжым бар

Шыңғырлау ауданының мәдениет саласында өнегелі із салып, елге қызмет етіп келе жатырған 7 түрлі мәдени ұжым бар.

Көп жылдар сахна төрінен саңлақ өнер көрсеткен ұжымдар «Халықтық» мәртебе иегерлері. Тарихы өткен ғасырдан бастау алып, арқауы үзілмей уақытпен бірге жаңарып келе жатырған «Арай» вокалды-аспаптық ансамблі, кейінгі уақыт көші өмірге әкелген «Елім-ай» әжелер ансамблі, «Торыатбасы әуендері» фольклорлық ансамблі, «Жұмағазиевтер» отбасылық ансамблі, «Халықтық» Хор ұжымы, «Шаңырақ» театры мен «Еркем-ай» би ансамблі жұмыс жасап тұр. Бұдан бөлек, өнерімен танылып, аудан мерекелерін әндерімен өрнектеген «Сұлтанғалиевтер» отбасылық ансамблі, сондай- ақ, бастауын 1982- ші жылдардан алатын, аудан жұртына 42 жылдан аса қызмет етіп келе жатырған «Байғалиевтер» отбасылық ансамблі де бар.

Изображение WhatsApp 2025-01-10 в 15.14.28_b9f2d6b9

Әрбір өнер ұжымына уақыт талабына сай жаңарып отыру, репертуарына да, сахналық сәніне де жаңалық енгізіп отыру талап және қажеттілік. Осы орайда оларға қамқорлық көрсетіп, қолдап отыру да басты талаптардың бірі.

Жуырда, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Торыатбасы әуендері» халықтық ансамбліне жаңа аспаптар алдыртып берді. Яғни, ансамбль жұмысы барысында аспаптардың, ансамбль киім- кешегінің уақытпен бірге жаңаруы заңды құбылыс, осы бағыттағы қадамның бірі-20 түрлі жаңа аспаптардың әкелінілуі. Мұның ішінде домбыра да, домбыраның бас домбыра, контрабас, прима домбыра түрлері, қыл қобыздың 2 түрі, шаңқобыз, сазсырнай, сақпан мен асатаяқ, жыланбауыр қоңырау, жетіген аспабы, дағыраның бірнеше түрі, қамтылған. Бұл дегеніңіз ансамбльдің ұлттық мәдениетімізді насихаттауда, сахна төрінде өнер көрсетуде мүмкіндік кеңейе түсетінін білдіреді.

- Уақыт талабына сай мәдениет саласы үлкен өзгерістер мен жаңалықтарды бастан өткеруде. Дегенмен, мәдениетті сақтау және дамыту — біздің міндетіміз.

«Торыатбасы әуендері» ауданымыздағы барлық мәдени шаралардың сәнді, тартымды өтуіне үздіксіз үлес қосып келе жатырған ұжым. Олардың аспаптарының түгел және талапқа сай сапалы болуы, сахналық сәнінің көркем болуы басты мүдделеріміздің қатарында. Міне, бүгін үлкен бір жұмыс жасалып, жаңа аспаптарға қол жеткізіп жатырмыз, аудан басшылығы, облыстық бас мекемелеріміздің қолдауына алғыс білдіремін.
Ансамбль ұжымы тәжірибелі, өз ісінің шебері болып танылған жандардан құрылған. Кез-келген уақытта, кез-келген сахнада бәсекеге қабілетті, халық сұранысына сай өнер көрсете алатын ұжым. Енді сахна сәніне біраз қосымша қажеттіліктер де алатын боламыз. Алдағы жоспарда «Арай» вокалды аспаптық ансамблін де жаңа аспаптармен жабықтау жоспарлары бар,-дейді бөлім басшысы Олжас Сейтимов.

                                                                                                       Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале