7.11.2025, 21:00
Оқылды: 135

Шыңғырлау ауданында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Ағаш – табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі ғана емес, бір адам еккен ағаштың көлеңкесі де көп адамға сая болады. Қазіргі кезде ауыл көшелерінде, елді мекендерде және мекеме ғимаратының аулаларында сая беретін ағаш көшеттерін егу дәстүрге айналған.

image-07-11-25-05-49-1
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шыңғырлау ауданына қарасты Амангелді ауылында ауқымды абаттандыру шарасы өтті. Табиғатты қорғау мен көгалдандыру бағытындағы бұл игі істің аясында 2400 түп ағаш егілді.
Игі бастаманың басы-қасында Ащысай ауылдық округі әкімдігі болып, шараға ауылдық мекемелер, мектеп ұжымдары, аудандық бөлім қызметкерлері бір кісідей жұмылды.
Аудан әкімінің орынбасары Миржан Жанғазыұлы да шараға арнайы қатысып, еңбек ұжымдарына ризашылығын білдірді:
«Ағаш егу – бұл тек табиғатты көркейту ғана емес, болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық. Сонымен қатар бұл көшеттер ертеңгі күні қар тоқтатып, ауа райының тепе-теңдігін сақтауға да сеп болады. Табиғатты түлетуге атсалысқан әр азаматқа алғыс білдіреміз!», - деді ол өз сөзінде.

image-07-11-25-05-49-4
Көгалдандыру жұмыстары ауылдың маңында жүргізілді. Бұл жерде жергілікті климатқа төзімді ағаш түрлері таңдалды.Тұрғындар мұндай бастамалардың елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ ауыл жастарының табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал ететінін атап өтті.
Осындай ауқымды шаралар ауыл келбетін көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыра түсетіні анық.

image-07-11-25-05-49-3

Ащысай ауылдық округі әкімдігі алдағы уақытта да экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аббаттандыру,көгалдандыру,ауылдың жасыл аймағын кеңейту бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

С.Өсәлім,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале