31.05.2024, 12:15
Оқылды: 56

Шыңғырлау ауданында дала ойындары өтті

Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің атшабар алаңында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп оқушылары арасында «Дала қызықтары - 2024» атты «Топ бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тартыс», «Дәстүрлі садақ ату» сынды ұлттық спорт түрлерінен ойын өтті.

жп улттык ойын чингирлау (1)

Тасмола мектебі ұйымдастырған тартысты ойынға аудан, ауыл мектептерінен оқушылар келіп қатысып, бақтарын сынады. Бұл ауқымды шараның басты мақсаты ұлттық спортты кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың қызығушылығын ояту, қазақы құндылықтарымызды, мәдениетімізді құрметтеп жүруге баулып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сондай-ақ мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй мен жазғы демалыстарында есте қаларлықтай естеліктер сыйлау.

жп улттык ойын чингирлау (4)

Дала ойындарының ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтимов, Тасмола мектебінің директоры Сәуле Кужамкулова құттықтау сөздерін сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

жп улттык ойын чингирлау (7)

Айта кетелік, осындай ауқымды додаға демеуші болған шаруа қожалықтарының басшылары, Тасмола мектебінің түлектері Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің атынан алғысхаттар алды. Бұл жандарға ауылдастары да дән риза. Сондай ақ салтанатты шарада ауыл азаматы Ержан Бекенов Тасмола мектебінің 5-сынып оқушысы Ерсұлтан Әблезовке тай мінгізді. Барша жиылған жұрт ағаның ініге деген ізетіне, інінің ағасына құрметіне куә болды. Осындай игі істің иесіне аудандық білім бөлімі басшысы да ризашылығын жеткізе келе, алғысхат табыстап, шапан жапты.

Кейін мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық ойындар басталып кетті. Әр түрлі ұлттық ойын түрлерінен сынға түскен жас спортшылар барын салып жатты. Қолдап келген жанкүйерлер де өз көзайымдарына демеу болып, ойындардың көркін қыздыра түсті.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

жп улттык ойын чингирлау (2) жп улттык ойын чингирлау (3) жп улттык ойын чингирлау (5) жп улттык ойын чингирлау (6) жп улттык ойын чингирлау (8) жп улттык ойын чингирлау (10) жп улттык ойын чингирлау (11)

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале