14.11.2025, 12:00
Оқылды: 302

Шыңғырлау ауданында мобильді қабылдау өтті

Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында өткізілген мобильді қоғамдық қабылдауда партияның қоғам алдындағы атқаратын рөлі айқын көрініс тапты. Іс‑шараға партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Тағаниязов пен аудандық мансап орталығының құрылымдық бөлімше басшысы Зульфия Мамбетиярова қатысты. 

ооооааппп

Қоғамдық қабылдау форматында тұрғындар жеке мәселелерін тікелей билік өкілдеріне жеткізуге мүмкіндік алды: «Ауыл аманаты» бағдарламасы, мемлекеттік қызметке орналасу, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін көмектер секілді мәселелер көтерілді.

Азаматтық сұраныс пен мемлекеттік жауапкершіліктің тоғысуы мұндай қабылдаулардың маңыз‑мөлшерін айқындайтын сәт.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Таганиязов сөйлеген сөзінде:

«Біз – халықтың үніне құлақ асатын орта болуымыз керек. Бұл қабылдау тек рәсім ғана емес, нақты іс‑әрекетке ұмтылған мүмкіндік. Бүгінгі айтылған өтінішті тиісті орынға жеткізіп, нәтижесін бақылауда ұстаймыз».

Осының аясында «AMANAT» партиясының филиалы қоғамдық қабылдаулар арқылы жергілікті мәселелерді дер кезінде анықтап, тиісті басқармалармен үйлестіріп шешімін ұсынады.

Бүгінгі қабылдау — шағын ғана эпизод емес, мемлекеттік‑қоғамдық ынтымақтастықты нығайту жолындағы нақты қадам. Партияның қоғамдық белсенділігі мен жауапкершілігі ауыл халқы үшін позитивті жаңалықтарды әкелетін сенім күші болып отыр.

Алдағы уақытта да мұндай форматтағы қабылдаулар тұрақты әрі жүйелі түрде өткізіліп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдерге жол ашатынына сенім мол.

 

С.Әділ,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале