Шыңғырлау ауданында «Асан Қайғы» кіші ескерткішінің алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Наурыз думан!» атты театрландырылған мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысып, жиналған қауымды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, елге амандық, береке мен бірлік тіледі.

Шара барысында аудан тұрғындары ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерде жайылған ақ дастарханнан дәм татып, қазақтың ұлттық спорт түрлері бойынша өткен жарыстарға белсене қатысты. Сонымен қатар, көпшілікке ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелген көріністер ұсынылды.

Мерекелік бағдарлама ауданның көркемөнерпаздарының ән мен күйге толы концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Наурыз мейрамы – жаңару мен жақсылықтың бастауы, татулық пен ынтымақтың символы ретінде аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.



Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы