Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда "Оқу мәдениеті жоғары елдер әрдайым жаhандық дамудың алғы шебінде бола беретіні сөзсіз.Бұған еш күмәнім жоқ,"- деп ерекше атап өткен болатын.

Бүгін аудандық кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай, «AMANAT» партиясының «Кітап - AMANAT» партиялық жобасы аясында «BOOK TIME» оқырмандар клубы өз жұмысын бастады.Ауданда алғаш рет мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері арасында кітап оқырмандары клубы құрылды. Оқырмандар ортасын құру мақсатында өткен еркін форматтағы кездесуде қызметкерлер арасында терең танымдық түсінік қалыптастырып, кітап оқуды әдетке айналдыру бағытында пікір алмасулар болды.Клубтың мақсаты: Аудандық мекеме қызметкерлерінің бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау.
Кітап – әрқашан жақсылыққа, жаңашылдыққа жетелейді.
Бұл жоба әрбір оқырманның сыни ойлауын, ой-өрісін және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосатыны анық.
"AMANAT" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының атқарушы хатшысы,аудандық мәслихат депутаты Азамат Тағаниязов партиялық жоба аясындағы оқырмандар клубының жұмыс форматы,мақсаты,күтілетін нәтижелер туралы таныстырды.
– Біздің басты мақсатымыз кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, одан әрі жандандыру, оқырмандар қатарын толықтыру. Тек оқып қана қоймай, кітапты бірге талқылау. Яғни оқырмандар алдағы уақытта клубта білім нәрімен сусындап қана қоймай, әрбір тақырыпты толыққанды талқылайтын болады. Сондай-ақ пікір сайыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, – деді Азамат Құлымжанұлы.Сонымен қатар "Кітап-AMANAT"партиялық жобасы аясында «BOOK TIME» оқырмандар клубы мүшелерінің оқитын 35 кітаптың тізімі ұсынылды.
Оқырмандар клубының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Айбек Жаншаұлы Исламбек қатысып:"Өздеріңіз білесіздер,әлемдегі барлық дамыған ел кітаптан, газет-журналдан қол үзген жоқ. Осындай ізгі қадамдар арқылы кітап оқуға деген ынтамыз арта түседі.Қазір әр оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында басталған іс-шараға сәттілік тілеймін.Партия бұл жұмысты алдағы уақытта белсенді жалғастырады," - деген сенімін білдірді. «AMANAT» партиясының бүгінгі бастамасын барлық мекеме,бөлім басшылары мен қызметкерлері өте жылы қабылдады.

Иә, кітап – ой-өрісімізді дамытып, рухани байлығымызды арттыратын ең қымбат дүние.
С.Өсәлім,
Шыңғырлау ауданы