21.07.2025, 16:30
Оқылды: 457

Шыңғырлау ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылында «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекетінің ашылу рәсімі өтті.

image-21-07-25-02-47-14

Өрт сөндіру бекетін ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншин қатысты.

image-21-07-25-02-47-9

Шарада ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Миржан Нұртазиев алғашқы құттықтау сөз сөйледі. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншин ауыл тұрғындарын құттықтап, қызметтік автокөлік кілтін Алмаз ауылдық округінің  әкімі Самат Бақтыгереевке табыстады.

image-21-07-25-02-47-2

image-21-07-25-02-47-4

Өрт сөндіру бекетінің лентасын қию рәсімі БҚО Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншин және Алмаз ауылы қоғамдық кеңес төрағасы, зейнеткер Ғаббас Қайырғалиев бұйырды.

image-21-07-25-02-47-10

Сонымен қатар қоғамдық кеңес төрағасы Ғ. Қайырғалиев ауыл тұрғындарының атынан ризашылығын жеткізді. Жаңа өрт сөндіру бекетінің жұмысын таныстыруды  Шыңғырлау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Медет Муханов жүргізді.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

image-21-07-25-02-47-13 image-21-07-25-02-47-11 image-21-07-25-02-47-15 image-21-07-25-02-47-3 image-21-07-25-02-47-1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале