5.10.2024, 11:16
Оқылды: 7

Шыңғырлау ауданында өткен республикалық турнир мәресіне жетті

Шыңғырлау аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 4 күннен бері өткізіліп жатқан КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновты еске алуға арналған бокстан 2011-2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында ашық Республикалық турнир өз мәресіне жетті.

461791726_1966788450399580_4572233486110121461_n

Дәстүрлі турнир ауданымызда 31 рет өткізіліп отыр. Еліміздің әр өңірінен 21 команда, жалпы 240-қа жуық жас спортшы келіп, қатысты. Аудан боксшыларын қосқанда 300-ге жуық спортшы сынға түскен тартысты дода болды.

Ауданымызға арнайы келген 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, «VAL BARKER» кубогінің иегері, танымал боксшы Серік Сапиев финалдық ойынды тамашалап, жас спортшыларды қорытынды жекпе-жекте жігерлендіре түсті.

462048042_1966787830399642_4215675838179244742_n

Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, жүлдегерлерді, олардың бапкерлерін жеңістерімен құттықтап, аталмыш турнирдің демеушілеріне алғысын жеткізді. Осындай ауқымды доданың өткізілуіне қолдау көрсеткен бас демеуші Серік Қазиев, Бауыржан Жантлеуов, сондай-ақ Мусин Руслан, «Усманғалиев» шаруа қожалығы басшысы. Бұл қолдаушыларға ұйымдастырушылар, қатысушылар, шыңғырлаулықтар дән риза.

462160486_1966788733732885_7938832275217804774_n

Төрткүндік жарыста үздік нәтиже көрсеткен, әр түрлі салмақ дәрежесіндегі жүлдегер боксшыларды аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, олимпиада чемпионы Серік Сапиев, ауданның құрметті азаматы, бапкер Александр Пятин, бас демеуші Серік Қазиев, «Арон» бокс клубының директоры Арон Акиев, спорт ардагерлері Ават Измаилов, Мұхит Жұмашев, Альберт Исламбеков марапаттады. Жеңімпаздарға диплом, медальдар, ақшалай сертификаттар табысталды. Және ерекше көзге түскен спортшыларға, төрешілерге номинациялар мен сыйлықтар табысталды. Турнирдің демеушісі Серік Қазиев Шыңғырлау ауданының боксшыларына бокстық формаларды сыйға тартып, тағы да бір қуантты. Еділ Ишекеновтың досы, Орал қаласындағы «Арон» бокс клубының басшысы Арон Акиевтің атынан, Ишекеновтер әулетінен де жарыста үздік жекпе-жек көрсеткен спортшыларға сый-сыяпаттар, ақшалай сертификаттар табысталды.

461730001_1966788667066225_1580678150299242213_n

Бұның барлығы аудан спортынның, жалпы бокс спортының тарихында ойып орын алған даңқты боксшы Еділ Ишекеновтың рухына тағзым мен құрмет.

461792441_1966788720399553_9192434964261680576_n

Осындай байрақты бәсекенің ауданымызда жоғары деңгейде өткізілгені үшін барша шыңғырлаулықтардың, қонақтардың, спортшылардың ризашылығында шек жоқ.

461830203_1966788597066232_3797076157938040273_n

461431042_1966787937066298_3829871251786410968_n

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале