1.08.2025, 17:00
Оқылды: 154

Шыңғырлау ауданында партиялық бақылау шарасы ұйымдастырылды

«AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан орталығы Шыңғырлау ауылындағы Л.Қылышев атындағы мектеп және мектеп жанындағы интернаттың күрделі жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жүргізілді.

image-01-08-25-12-38-2

Аталған шараға «AMANAT» партиясы аудандық филиал төрағасы Азамат Таганиязов, аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Исанова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов, мектеп директоры Гүлнар Бисенгалиева, аудандық "Серпін" газетінің тілшісі және мердігер ұйым өкілі қатысты.

image-01-08-25-12-38-1

Бұл жұмыстарға жауапты мердігер ұйым «АлТим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба авторы «Сәтті сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Техникалық қадағалаушы «ГИМН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Келісім-шарт бойынша жоба құны 844589,0 мың теңге.

image-01-08-25-12-38

Қазіргі таңда, мектептің қабырғаларын сылау, терезе орнату, электр желілерін ауыстыру секілді жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жөндеу жұмыстарының 40% іске асқан.

image-01-08-25-12-38-8

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мердігер ұйым өкілдеріне жөндеу жұмыстары баяу жүргізіліп жатырғандығы туралы ескертті.  Сонымен қатар, сапалы әрі уақытылы жүргізу жөнінде айтып, қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бүгінгі таңда мектептің жаңартылуы мен жөнделуі ауданның білім сапасын арттырып, оқушылар үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған.

 

Азамат Тағаниязов,

 "AMANAT"партиясы Шыңғырлау аудандық

филиалының төрағасы,

Шыңғырлау ауданы

image-01-08-25-12-38-7 (1) image-01-08-25-12-38-5 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале