Бүгін, яғни 2022 жылдың 20 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы таңғы 7:00-де басталды. Дәстүрге сай Шыңғырлау ауданының 19 сайлау учаскесінде Әнұран ойналып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауларын жасады.
Сайлау басталғанына тек бірер минут өткенімен сайлаушылардың қатары көп екені қуантады.
Таңмен таласып ерте келгендердің қатарында зейнеткер тұлғалармен, орта буын өкілдері, сонымен қатар жас отбасылар да көптеп келуде.
Бұл шыңғырлаулықтардың қоғамдық саяси өмірде де белсенділігін тағы бір аңғартуда.
Аман Сағи,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz