Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылындағы мектептің 15 оқушысы ерекше бастама көтерді.
Олар біраз уақыттан бері «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынымен әуестеніп жүр. Өздері ғана ойнап қоймай, өзгелерге насихаттауда.
Осы бір игі шараны жүйелі бағытта жалғастыруды мақсат еткен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мекемесі Алмаз ауылына арнайы маман бекітті. Сөйтіп, аталған 15оқушы үйірмеге тұрақты қатысуда.
Енді осындай үйірме аудан орталығы Шыңғырлауда да ашылады. Осылайша, ұлттық бояуы, тағылым-тәрбиесі бар ойынды алдағы уақытта барлық ауылдарда насихаттау ісі қолға алынбақ.
Қаршыға Елемесов,
Шыңғырлау ауданы