Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Шыңғырлау ауданына қарасты Алмаз ауылының мектеп бітіруші түлектері білім ордасына немесе ауылға қомақты сый жасауды үрдіске айналдырып келеді.
Жуырда осы ауылдың мектеп бітіргендеріне 25 жыл толған түлектері мектеп оқушыларына музыкалық құрылғы, ал 20 жыл бұрын үлкен өмірге жол тартқан түлектер үстел теннисін сыйлап, елдің алғысына бөленді.
Білім ошағының ақ жүректі түлектеріне мектеп ұжымы атынан алғыс хат табысталып, ардагер ұстаздар өздерінің ақжарма тілектерін ақтарды.
Назым Айқын,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz