5.03.2026, 17:00
Оқылды: 85

Шыңғырлау ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мәселелері талқыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында үйлесімді, әділетті әрі тұрақты қоғам құрудың негізі ретінде заң мен тәртіптің маңыздылығын атап өтті. Осыған орай, Үкімет «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын әзірледі, оның шеңберінде құқық бұзушылыққа жедел ден қоюға ғана емес, алдын алу шаралары мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға баса назар аударылуда.

image-05-03-26-02-55-212

Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын одан әрі ілгерілету, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жиын өтті.

Жиынға аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы, Шыңғырлау ауданының пробация қызметінің бастығы, дербес бөлім басшылары, мекеме және ұйым жетекшілері, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру және профилактикалық жұмыстарды күшейту, пробациялық есепте тұрған азаматтармен жұмыс  мәселелері қаралды.

Жиында алғашқы болып сөз алған Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің бастығы С.Астафьев аудан аумағындағы құқықтық тәртіптің жағдайы мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында аудандық білім бөлімен бірге атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен тығыз байланыс орнату,кәмелетке толмаған жасөспірімдермен,ата аналармен профилактикалық  бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының әдіскер-координаторы Н. Мендалиева жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдау және тәрбие жұмыстарының маңыздылығы туралы айтты.

Сонымен қатар, Шыңғырлау ауданының пробация қызметінің бастығы А.Тажекенов пробация есебінде тұрған азаматтармен жүргізіліп жатқан жұмыстар, олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған шаралар туралы баяндады.

Жиында Шыңғырлау аудандық мешітінің бас имамы, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теологі Ә.Наурызбай да сөз алып, қоғамдағы рухани тәрбие, жастардың дұрыс бағытта қалыптасуы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне тоқталды.

Жиын барысында аудан прокуроры Ерлан Мұхтаров «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қоғамда кеңінен насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтып,ұсыныстар берді.

image-05-03-26-02-55

Сонымен қатар кездесу қорытындысында аудан әкімі жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріп: "Заң мен тәртіп — тек мемлекеттік құрылымның емес, рухани өмірдің де өзегі. Өйткені тәртіп бар жерде ұят, намыс, адамгершілік, жауапкершілік сынды қасиеттер қатар қалыптасады. Адам өзіне де, өзгеге де әділ болған кезде ғана қоғамда шынайы бейбітшілік пен бірлік орнайды. Сондықтан қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру бүгінгі күннің басты талабы"- деп атап өтті.

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы үшін әр адам өзінің құқықтары мен міндеттерін білумен қатар, заңды және тәртіпті ұстану арқылы елімізді жақсартуға өз үлесін қосуы керек. Ендеше заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі зор.

 

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале