18.11.2021, 20:18
Оқылды: 26

Шыңғырлау ауданында жас ақындар мүшәйрасы өтті

Бүгін Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікті жырлаймын» тақырыбында жас ақындардың мүшәйрасы өтті. Жаңадан қалам тербеп жүрген, өлең жазатын, шығармашылыққа бейім жастарды анықтау, олардың шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға 9 жасар бүлдіршіннен бастап 29 жасқа дейінгі мамандар да қатысты.

9347101F-7DD9-4A92-ACD3-CD7A19480B45

Мүшәйраның басты шартына орай қанатын енді ғана қомдап келе жатқан жастар тәу еткен Тәуелсіздігіміз, еліміздің еркіндігін өз жырларына қосып, шығарған төл туындыларын көрермендерге ұсынды. Жас та болса патриоттық тақырыпта терең ойлап, оны жырға қоса білген, ұйқасын ғана ұқсатып қоймай, өлеңі арқылы үлкен ой көтерген сөз шеберлері «Еркіндік», «Тәуелсіздік тұғырым», «Тәуелсіздікті жырлау» деп аталған өлеңдерін оқыды. Мәселен:

«Бостандықты аңсаған ата-бабам,

Тәуелсіздікті талай жыл армандаған,

Атқа мініп қолдарына семсер алып

Қазақ жерін батырларым қорғап қалған», - деп Шоқтыбай ауылынан келген Аягөз Амангелдиева жырласа, ащысайлық оқушы Танбай Нұржігіт:

«Тәуелсіздік – ту етер тірегіміз!

Тәуелсіздікмәңгілік тілегіміз!

Елдігін бар әлемге паш ететін,

Біз бүгін тәуелсіз ел тірегіміздеп ой толғады.

B9C0365E-5CD1-4544-8065-947BFC6EBCC1

Мүшәйраға қатысушының әр өлеңіне бағасын беріп, ұтымды не болмаса кемшін тұстарын жіктеп көрсете білген аға буын ақындар Сағидоқас Жұмашев, Адақ Шотпанов, Қаршыға Елемесов пен жас ақынымыз Айдос Исекенов жас дарын иелеріне бағыт-бағдар беріп отырдыӘсіресе, Рысқалиев Ернәсіл, Нұржігіт Танбай, Д.Қожесова, Ә.Қонақбаев пен Н.Кабибуллиевтің өлеңдерін ерекше атап өтті.

3D3371D8-AD45-4479-A622-0A541184AD9C

3B14F804-C2E0-4CC2-9ECE-5AF90D026CB4
Шара
соңында жас ақындарға алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале