Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Шыңғырлау ауданында сән-салтанаты келіскен, ауыл жұртшылығы кеңінен қатынасып жатқан түрлі шаралар легі оздырылуда. Ауылдар да игі мерекеден тыс қалмай үлкендердің басын қосқан дастархан жайып, өнерлерін паш етіп, Наурыздың бәсін арттыруда. Елді елең еткізген жаңалықтар да бар. Соның бірі Ақбұлақ ауылдық округі Тасмола жалпы орта білім беретін мектебінде ашылған «Ұлағат» этно кабинеті.
Бүгінгі ұрпақтың бойына елжандылықты, ата-бабадан қалған мәні терең құндылықтарды дарыту, аманат болып қалған бай мұрамызды мансұқтау мақсатында ашылған бұл кабинеттің болашағының зор екендігінде сөз жоқ. Өз ұлтының өткенін білгісі келетін, қазақы болмысымызды қалыптастыруға жол ашатын тәлімі терең этно кабинетке қызығушылық танытып келетіндердің қарасы көп боларында сөз жоқ.
«Ұлағат» этно кабинетінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, ауданымыздың құрметті азаматы Сағынғали Имашев арнайы келіп, кабинеттің жабдықталуына демеушілік танытқан «Аяна» мейрамханасының иесі, жеке кәсіпкер Азамат Ғұбайдоллаұлы қатысты.
Ауыл балаларын ұлттық спортқа баулып, намысын жанып жүрген Бекболат Файзуллиннің де осы кабинеттің ашылуына өзіндік үлесін қосқаны белгілі.
Енді міне, ауыл балалары үшін тағы да жан-дүниесін байытатын, ұлттық келбетімізді айшықтай түсетін жаңа орындағы жұмыстың өз жемісін береріне сенеміз.
Гүлшат Ботанова
Шыңғырлау ауданы