15.03.2026, 10:20
Оқылды: 14

Шыңғырлау ауданындағы референдум учаскесіне сайлаушылар келуі жалғасуда

Бүгін аудан аумағындағы №422 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны қарқынды түрде өтуде. Таңертеңнен бастап учаскеге тұрғындар келіп, өз таңдауын жасап жатыр.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 09.56.32

Учаскелік комиссия мүшелерінің айтуынша, дауыс беру заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Сайлаушыларға барлық қажетті жағдай жасалған. Учаскеде байқаушылар да жұмыс істеп, дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қадағалауда.
Тұрғындар азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтуде. Әсіресе, егде жастағы азаматтар мен жастардың белсенділігі байқалады.Дауыс берушілер қатарында аудан тұрғындары еңбек ардагері Тілек Жұбаниязовтың,Абубакировтардың, Урынгалиевтердің отбасылары бар. №422 референдум учаскесіне сайлаушылар келуі күн бойы жалғасады деп күтілуде.

Светлана Байтенова,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале