Аудан әкімі Мұрат Өміралиев Шыңғырлау аудандық денсаулық денсаулық сақтау басқармасында және «Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы» МКҚК нысанында болып, мекемелердің материалдық-техникалық құрал-жабдықтарын туралы ақпараттарға қанықты.
Бас дәрігер Қылыш Жазықбаевтың, Ермек Сабировтың емхана, аурухана туралы жұмыс процесіне байланысты қажеттіліктермен, мәселелерін тыңдады. Емхананы аралап, дәрігер және қызметкерлердің жұмыстарымен танысты, жалпы адамдарға медициналық көмек көрсету деңгейін, аудан халқының денсаулық жағдайларын білді. Сонымен қатар, мейірбикелер күніне орай бірнеше маманды алғысхатпен марапаттады.
Айсұлу Мұса
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz