Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев жұмыс сапарымен ауылдық округтерді аралап, бірқатар маңызды нысандардың жұмыс барысымен танысты.

Сапар аясында аудан әкімі «Ақсуат», «Еркін», «Каменная» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Одан кейін Сегізсай, Аққұдық, Ақшат, Ақбұлақ ауылдарындағы ауыз су және инфрақұрылым жобаларының жүзеге асу барысын көрді. Кейін Шыңғырлау–Ақшат–Сегізсай автокөлік жолының жөндеу жұмыстарын бақылап, жеке кәсіпкерлік нысандарын аралап, кәсіп иелерімен пікір алмасты.
Бұл сапардың басты мақсаты – ауылдарды дамыту, инфрақұрылым жағдайымен танысу және тұрғындармен ашық кері байланыс орнату.
Әкім алдымен салынып жатқан тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс сапасына назар аударып, уақытылы әрі сапалы аяқталуы қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, ауылда тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға көңіл бөлініп жатқаны айтылды.
Ауылда еңбек етіп жатқан әр азаматтың ісі – аудан дамуына қосылған үлес. Жергілікті билік елдің жағдайын көтеру бағытындағы бастамаларды әрдайым қолдайды.
Бұл іссапар ауыл тіршілігін жандандыру мен нақты жұмыстарды бақылау бағытында маңызды қадам болды.
Светлана Байтенова,
Шыңғырлау ауданы