11.02.2026, 9:00
Оқылды: 9

Шыңғырлау ауданының активі жаңа Конституция жобасын қолдады

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған алқа отырысы өтті.

image-10-02-26-04-37-5 (1)

Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ауылдық округ әкімдері селекторлық режим арқылы қосылды.

image-10-02-26-04-37-3

Кездесу барысында аудан әкімі жаңа Конституция жобасының қоғам сұранысына сай, заманауи талаптарға жауап беретін, әділетті әрі құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.

– Баршаңыз Конституцияның жаңа жобасымен таныс деп ойлаймын. Біз бүгінде тарихи маңызы зор кезеңнің куәсі болып отырмыз. Бұл – тарих алдындағы ортақ жауапкершілік. Сондықтан алдағы уақытта Қазақстан халқы «Бір ел – бір мүдде – бір ұлт» қағидаты аясында бірлесіп, ауқымды жұмыстар атқаруы қажет, – деді аудан әкімі.

image-10-02-26-04-37-6 (1)

Ауданның құрметті азаматы, ардагер ұстаз Адақ Шотпанов Конституция елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуының берік іргетасы екенін атап өтіп, оған енгізілетін әрбір өзгеріс терең ойластырылып, жан-жақты талқыланып, халыққа толық әрі түсінікті жеткізілуі тиіс екенін жеткізді.

«AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы Азамат Таганиязов Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және тұрақты дамуымыздың мызғымас негізі екенін айтып, оны заман талабына сай жетілдіру және нормаларын нақты іске асыру баршамыздың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Шыңғырлау ауданы мәслихатының депутаты Алена Зубенко жаңа Конституция жобасы ел дамуының жаңа философиясын айқындайтынын, онда адам құқықтары мен бостандықтары басты құндылық ретінде бекітіліп, адами капиталды дамытуға ерекше мән берілетінін айтты. Оның айтуынша, бұл – Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстан құру жолындағы тарихи қадам.

image-10-02-26-04-37-4

Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырып, қоғам өкілдерін белсенділік танытуға шақырды.

 

Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале