2.04.2024, 16:00
Оқылды: 36

Шыңғырлау ауданының кейбір елді мекендеріне қатынас қиындық тудырып отыр

Еліміздің кей өңірлерінде қарғын судың кесірінен жол қатынасы қиындап жатыр. Еріген қар суы, арнасынан тасыған өзендер суы тас жолдардың көп тұсын шайып кетуде.

су чингирлау

Бұл мәселе Шыңғырлау ауданында да туындады. Аудан бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 343,9 шақырым. Соның ішінде, республикалық маңызы бар жол - 29 шақырым, облыстық жол - 39 шақырым, аудандық жол – 275,9 шақырым. Су тасқыны әсерінен «Шыңғырлау – Ақшат - Сегізсай» және «Қызылкөл – Ардақ - Ақтау» автокөлік жолдарының кейбір учаскелерін шайып және езіліп кетуіне байланысты, аталмыш жол бағытындағы елді мекендерге қатынас жасау қиындық тудырды. Сондай-ақ Шоқтыбай ауылына кіреберіс жолын шайып кетуі салдарынан тұрғындар айналма жол арқылы қатынап отыр.

Аудандық маңызы бар «Шыңғырлау – Ақшат - Сегізсай» автомобиль жолы 5 ауылдық округте орналасқан 13 елді мекенді, «Қызылкөл – Ардақ - Ақтау» автокөлік жолы аудан орталығын Ардақ және Ақтау ауылдық округтерімен байланыстырады.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар «Подстепное - Теректі - РФ шекарасы» автомобиль жолының 35 шақырымын су шайып кетуіне байланысты, барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылған.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Құрметті батысқазақстандықтар!

стикер фонд қаз

Өңіріміздің бірнеше ауданында су тасқыны болып, бірқатар ауылдағы ағайын баспанасыз қалды.

Табиғи апаттың салдарынан қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге ерікті түрде қолдау білдіремін деген өңір тұрғындары төменде көрсетілген «Ақжайық» жеке қоры арқылы қаражат жолдай алатынын еске саламыз!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале