20.11.2025, 15:01
Оқылды: 221

Шыңғырлау ауданының командасы үздіктер қатарынан көрінді

Бүгінгі таңда футбол елімізде кең тараған спорт түрі. 2025 жылдың қараша айында Ақсай қаласында футболдан өткен ашық турнирде аудан спортшылары тағы да белсенділік танытып, өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

image-18-11-25-06-57

Жарысқа барлығы 7 команда қатысып, ойын алаңында тартысты бәсеке өрбіді. Әр команда өз өнерін ортаға салып, тартысты әрі тартымды матчтар өткізді.
Шыңғырлау ауданының командасы сәтті ойын көрсетіп, нәтижесінде жүлделі үшінші орынға ие болды. Команда құрамындағы барлық ойыншылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және шынайы спорттық рухтарын паш етті.
Турнир барысында ерекше ойын өрнегімен көзге түскен ауданымыздың белді спортшысы Нұрберген Жақсылықов «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. Бұл марапат – оның тынымсыз еңбегі мен шеберлігінің дәлелі.
Аталған турнир аудан спортының жетістігін көрсетіп, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті.
«Осындай жарыстар жас спортшылардың шыңдалуына, тәжірибе алмасуына және аудан атын биіктен көрсетуіне үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да аудан спортшыларына тек сәттілік пен жеңіс тілейміз», - деп атап өтті аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтімов.
Команданың жүйелі еңбегі осындай жетістіктердің бастауы екені сөзсіз.

С.Әділ,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале