Бұл туралы аудан әкімі Альберт Есалиев жергілікті халық алдындағы есебі кезінде айтты.
- Осыдан бірер жыл бұрын басталған Шыңғырлау ауылының көшелерін асфальттау жұмыстары биыл да жалғасын тауып отыр. Облыстық бюджет есебінен 251 млн. 653 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылып, 8 көшеге 3,2 шақырым асфальт жамылғысы төселді. Жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар 1300 метрге жуық тротуар салынып, аудан орталығының 4 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығының көшелерін асфальт жамылғысымен қамту көрсеткіші 50%-ға жетіп отыр.
Аудан халқының тағы да бір көкейкесті мәселелерінің бірі бұл - Шыңғырлау-Сегізсай бағытындағы жол болатын. Бұл бағытта 5000-ға жуық халық қоныстанғанын ескерсек, қыс-көктем мезгілдерінде қиындық туғызатын жолдың жөнделуі, бірқатар істеріміздің шешілуіне ықпалын тигізері анық. Бұл ісіміз де өз орнынан қозғалып, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды, - деді ол.
zhaikpress.kz
Суретке түсірген Айбатыр Нұраш