6.12.2025, 9:30
Оқылды: 4

Шыңғырлау ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев Шыңғырлау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

image-05-12-25-11-54-6

Кездесу барысында бірінші болып ауылдық округ әкімі Саида Біркенова округте атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Баяндамада биыл бірқатар маңызды мәселелердің оң шешімін тапқаны айтылды. Атап айтқанда:

  • М.Қуантаев көшесінде тұрғындардың жайлы демалысы үшін көлемі 400 шаршы метрді құрайтын алаң салынды;
  • Қылышев көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен демалыс алаңының құрылысы жүргізілуде;
  • Ұрысай ауылына сапалы интернет желісі тартылды;
  • Ақсоғым ауылында жеке кәсіпкер тарапынан «ДЕК» кешенді блок-модулі (КБМ) орнатылды.

Есептік кездесу одан әрі сұрақ-жауап форматында жалғасты.

image-05-12-25-11-54
Тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Панфилова көшесінің шыға берісіне төсеме жасау, Л. Қылышев атындағы орта мектептің жағдайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені жанындағы балаларды тамақтандыру мәселесі, сондай-ақ военкомат ауласындағы ағаш бұтақтарын кесу сияқты өзекті сұрақтар қозғалды.

Аудан әкімі барлық көтерілген мәселелер іс-шаралар жоспарына енгізіліп, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Кездесуден кейін ауыл тұрғындарына жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Нұрғали Төлегенов
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале