2.09.2025, 16:30
Оқылды: 560

Шыңғырлау колледжде алғашқы қоңырау соғылды

Тағы да бір оқу жылы «Білім күні. Бейбітшілік күні» тақырыбымен Шыңғырлау колледжінде өзіндік сән-салтанатымен басталды.

photo-output

Еліміздің Әнұраны орындалған соң шара студенттерге колледж директоры Серікбай Жұмағұловтың жаңа оқу жылына сәттілік, терең білім тілеген тілегімен бастау алды. Коллдеж оқушыларына осы оқу орнының ардагері, ауданымызға белгілі құрылыс ісінің үздігі Виктор Лукьянов де өзінің ақжарма сөзін арнады.

Жаңа оқу жылының алғашқы күні 1-ші курсқа қабылданған студенттер үшін ерекше есте қалар күн болмағы белгілі. Жаңа оқу орны, бейтаныс орта алғашқыда жүрек қобалжытқанымен алдағы күндер колледж қабырғасындағы сапалы білім, қызықты сәттермен жалғасын табары сөзсіз.

Алғашқы қоңырау соғылып, колледжегі әр топ өз кабинетттерінде «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбымен бірыңғвай сынып сағатына қатысумен басталып, кәсіптік білім беретін ұстаздар үшін «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» тақырыбындағы бірыңғай кураторлық сағатқа ұласты.

                                                                                                                          Гүлназ Мұқан,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале