Жуырда Шыңғырлау ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай «Конституция – елдің негізгі заңы» тақырыбында аудандық колледж студентеріне оқыту іс-шарасын ұйымдастырды.

Заңдылықты сақтау және жастардың қоғамдағы белсенділігі туралы мағлұмат беріліп, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды. Студенттер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша пікір алмасып, жаңа білім алды.
«Конституция – бұл жай ғана құжат емес, біздің мемлекетіміз құрып жатқан берік іргетас. Жүргізіліп жатқан барлық реформалар халықтың еркі мен әділ қоғам құруға деген ұмтылысын көрсететін оның ережелеріне негізделеді», - деп атап өтті аудан прокуроры С.Орынғалиев.
Қаршыға Асу,
Шыңғырлау ауданы