30.01.2018, 18:20
Оқылды: 34

Шыңғырлау командасы гір тасын көтеруден үздік атанды

Орал қаласында гір тасын көтеруден чемпионат өтті. Жалпы командалық есепте де І орынды Шыңғырлау командасы жеңіп алды.

16 жасар спортшы Алпамыс Тажекешов «Спорт шеберіне үміткер» дәрежесінің нормативтік талаптарын асыра орындап шықты. Ол 24 келілік екі гір тасын (ұзын цикл нұсқасында) 59 рет көтерді. Бұл спорт шеберлігіне үміткерлік талаптарынан екі ұпайға артық көрсеткіш. Осылайша, жігерлі жеткіншек алдағы айдың 14-де Керекуде (Павлодар қаласы) өтетін Қазақстан чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

Алпамыстың бұған дейінгі жеңістері көңіл тоғайтады. Ол қазіргі таңда облысымыздың үш дүркін жеңімпазы. Ауданымыздың Тасмола ауылында туып-өскен жеткіншектің осындай ірі жеңістері оның болашағынан зор үміт күттіреді.

Жоғарыда аталған Қазақстан чемпионатына ауданымыздан 5 жас спортшы барады. Оларды белгілі бапкерлер М.Юсупов пен Ж.Түймешов жаттықтыруда.

Бүгінгі таңда гір спорты жөнінен облыста бірінші орынды иемденіп, ауданымыздың мерейі асқақтап тұр. Бұл тынымсыз еңбек, тиянақты жұмыстың нәтижесі.

Қ.Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале