10.02.2026, 12:00
Оқылды: 5

Шыңғырлау көшелеріне сілтемелер орнатылды

Шыңғырлау ауданында ауылдық округі бойынша ауылға бірыңғай келбет беру, мекенжайлық деректерді біріздендіру бағытында басты көшенің бірі Л.Қылышев көшесі бойындағы А.Құнанбаев, генерал Панфилов, Жеңіс, Ю.Гагарин, М.Қуантаев, С.Датұлы, Ғ.Тоқай, Достық, Г.Шевцов, А.Тихоненко т.б. көше қиылыстарына жол сілтеуші аншлагтар орнатылды.

image-10-02-26-10-08-1 image-10-02-26-10-08

Ірі әріптермен жазылған көше атаулары ауыл тұрғындары мен қонақтарына іздеген мекенжайларын оңай табуға мүмкіндік бермек. Бұл жұмысты мемлекеттік сатып алу порталының қорытындысы сай «Есенова» жеке кәсіпкерлігі атқарып шықты.

Айгүлім Қазманова,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале