24.09.2020, 9:42
Оқылды: 32

Шыңғырлау жастары арасында «Әскерге бару – азаматтық парызым» тақырыбындағы кездесу өтті

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастыруда. Сондай шаралардың бірі табиғат аясында өткен «Әскерге бару – азаматтық парызым» тақырыбындағы бейресми кездесу.

120083904_353527982440882_7572811486751195229_n

Бұл кездесудегі басты мақсат - жастардың бойында әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру, Қарулы күштеріміздің беделін арттырып, азаматтық жауапкершілікті орнықтыру.

Әскерге барып, еліне қызмет ету – әрбір жас қазақстандықтың міндеті екені айтылды.

Өзінің Отан алдындағы азаматтық парызын өтеп келген жастар кейінгі інілеріне әскер қатарында болу бұл азаматтарды көп нәрсеге үйрететінін, шыдамдылық пен темірдей тәртіпке шыңдайтынын, жастар бойындағы әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыратынын айтып өтті.

120072818_353527589107588_6354758794782410131_n

аскер

Сонымен қатар, әскердегі қызықты оқиғаларын сөз етіп, патриоттық әндер шырқалды.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале