13.08.2025, 17:30
Оқылды: 397

Шыңғырлау жастары – “MEDIA CUP” турнирінің жеңімпаздары

Екі айға созылған тартысты доданың қорытындысы бойынша Шыңғырлау ауданының жастар құрамасы үлкен футболдан "MEDIA CUP” турнирінің жеңімпазы атанды. Аудан намысын қорғаған белсенді жастар сапалы ойын көрсетіп, шеберліктерімен ерекшеленді. 

image-13-08-25-03-34

Турнир барысында аудан құрамасы қарсыластарын сенімді түрде ұтып, әр матч сайын жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлап отырды. Бүгін екі айға созылған бәсекеде Шыңғырлау ауданы Бәйтерек ауданымен алтын медаль үшін таласты.

image-13-08-25-03-34-1

- Шыңғырлау жастары білімде де, өнерде де, спортта да биік белестерді бағындырып, ауданымыздың абыройын арттырып келеді. Бұл – бәріміз үшін үлкен мақтаныш. "MEDIA CUP – 2025” футбол турнирінің жеңімпазы атанған аудан құрамасын шын жүректен құттықтаймын. Финалда Бәйтерек ауданынан басым түсіп чемпион атану – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Бұл жеңіс – ауданымыздағы бұқаралық спорттың дамуының айқын көрінісі, - деген аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жастарға алғысын білдірді.

image-13-08-25-03-34-3

image-13-08-25-03-34-7

Команданың ұйымшылдығы мен төзімділігі шешуші кезеңдерде өз нәтижесін берді. Жастардың бұл жеңісі – аудандағы бұқаралық спорттың деңгейін көрсетеді.

image-13-08-25-03-34-9

- Бұл жеңіс – бірліктің, табандылықтың және аянбай тер төккен жаттығудың жемісі. Жастарымыздың спортқа деген қызығушылығы мен талпынысы қуантады, – деді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Нұрлыбек Қайыржанов өз сөзінде.

 

Светлана Ешматқызы,

Шыңғырлау ауданы

image-13-08-25-03-34-12

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале