18.08.2021, 11:12
Оқылды: 50

Шыңғырлауда Абай мұрасы ұлықталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз», - деген болатын.

WhatsApp Image 2021-08-06 at 06.59.26

Абай мұрасы – адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары деп білсек, Абайдың асыл мұрасын насихаттау, жас ұрпақты білімді, тәрбиелі де тәлімді тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасы тәрбиелік мәні мен мазмұны бар шаралар өткізді.

Ұлы ойшылдың асыл мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық орталық кітапхана «Қазіргі әлемдегі Абай» атты дөңгелек үстел ұйымдастырса, «Абай күніне» орай «Ұлы даланың ұлы ақыны» атты әдеби подиум мен «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты элегия кеші мазмұндылығымен ерекшеленді.

Дөңгелек үстелге кітаханашылар, музей қызметкерлері, ұстаздар қатысты. Қатысушылар Абайдың даналығы туралы айтумен қатар, өлеңдерін жатқа оқып,  адамзаттың ақылманы атанған Абай тағылымы туралы баяндады. Шара барысында ақын Қаршыға Елемесов Абай мұрасының, ұстанымының өте маңызды екені туралы айтып, ұрпақ үшін мәңгі бағасын жоймайтын асыл қазына туралы сөз етсе, ұстаз Альфия Өтегенова Абайдың 3-ші қара сөзін оқыды.

Screenshot_2021-08-10-14-58-38-72

«Ұлы даланың ұлы ақыны» атты әдеби подиумге аудандық мұрағат пен «Шыңғырлау» спорт клубының қызметкерлері белсене қатысты.

«Ұлылардың ұлысы – Абай» атты элегия кеші онлайн форматта әлеуметтік желілердегі оқырмандар назарына ұсынылды. Шараны аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары ұйымдастырды. Кітапханашылар О.Коба Абайдың орыс тілінде «Будь разборчив в пути своем» өлеңін, А.Зубенко  «Әсемпаз болма әр неге» өлеңін қазақ тілінде нақышына келтіріп оқыса, Мөлдір Түймешева «Өлең – сөздің патшасы», Марал Қалиева «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» сынды өлеңдерін жатқа оқыды.

 

 Б.Хамитова,

аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға

қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале