11.08.2025, 16:30
Оқылды: 119

Шыңғырлауда әдеби круиз шарасы өтті

10 тамыз – Абай күніне орай ұлы ақынның өнегелі өмірі мен рухани мұрасын насихаттау мақсатында «Дән» мәдениет үйімен бірлесе отырып, «Абайды оқы, таңырқа» атты әдеби круиз шарасы өткізілді.

image-11-08-25-11-56

Әдеби круиз шарасы: I аялдама: «Абай кім?», II аялдама: «Асыл сөздердің жалғасын тап»,  III аялдама: «Сіз Абайды білесіз бе?» бағыттарында ұйымдастырылды.

image-11-08-25-11-56-2

Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтар қойылып, өлеңдерінің жалғасын табу арқылы Абай шығармалары еске түсірілді. Ақын өмірбаянына қатысты сұрақ-жауап ойыны слайд арқылы көрсетілді.

Кітапхана оқырмандары Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздерінен үзінділерді мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, «Елім-ай» әжелер ансамблі Абайдың бірнеше әнін орындады.

Абай шығармашылығына арналған «Абай мұрасы – ұлттық құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға ақын мұрасының маңызы мен құндылығы кеңінен таныстырылды.

Абай Құнанбайұлы — қазақ музыка мәдениетінің өсуі мен дамуына сүбелі үлес қосқан ұлы тұлға екені баршаға мәлім. Оның терең мазмұнды, сазды әндері мен күйлері ұлттық өнеріміздің асыл мұрасы болып табылады.

image-11-08-25-11-56-10

Осы орайда «Абайды оқы, таңырқа» атты әдеби круиз шарасына қатысқан “Мұрагер” домбырашылар ансамблінің мүшелері Абайдың күйлерін нақышына келтіріп орындап, көрерменге оның шығармашылығының шынайы сырын сезіндіре білдіргендігін ерекше атап өту керек. Бұл өнер көрсету – Абай мұрасының өміршеңдігін тағы бір дәлелдеді.

Шараның мақсаты:

Абай мұрасын дәріптеу;

Оқушылардың әдеби сауатын дамыту;

Абайды – қазақ руханиятының биік шыңы ретінде таныту.

Абай шығармалары – халықтың рухани қазынасы. Осындай іс-шаралар арқылы оның мұрасы жас ұрпақтың санасына сіңіріліп, ұлттық мәдениет пен әдебиетіміздің дамуына үлес қосады.

image-11-08-25-11-56-9

Абай мұрасын отбасы тәрбиесіне енгізу арқылы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық болмыс пен отбасылық құндылықтарды ұштастыру, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының әдеби, философиялық және ағартушылық мұрасын кеңінен насихаттау көзделеді.

Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале