5.03.2026, 16:00
Оқылды: 8

Шыңғырлауда «Ардагерлер – ардақтыларымыз» атты форумы өтті

Шыңғырлау ауданындағы Л. Қылышев атындағы ОЖББМ базасында ауданның барша ардагер-ұстаздарының басын қосқан «Ардагерлер – ардақтыларымыз» атты ардагер-ұстаздар форумы өтті.

image-05-03-26-12-23-5

Тағылымы мол шараға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысып, білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарға алғыс білдірді. Өз сөзінде ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектері мен өмірлік тәжірибесінің маңыздылығын атап өтіп, жас буынға үлгі боларлық өнегелі жолдарына жоғары баға берді.

image-05-03-26-12-23-1

Форум барысында ардагер ұстаздар естеліктерімен бөлісіп, білім саласындағы тәжірибелері мен құнды пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жас ұстаздар мен аға буын арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығы айқын көрініс тапты.

image-05-03-26-12-23-2

Сонымен қатар шара барысында өнерпаздар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды.

 

 

Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

image-05-03-26-12-23-3 image-05-03-26-12-23

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале