18.02.2026, 9:45
Оқылды: 108

Шыңғырлауда ардагерлер ұйымының сайлау конференциясы өтті

Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысуымен Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шыңғырлау аудандық филиалының сайлау конференциясы өткізілді.
Жиынға Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Төлегенов қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде аудандық ардагерлер ұйымының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасалды.
Жиын барысында аудандық ардагерлер ұйымының жаңа төрағасы Имашев Сағынғали Бисенғалиұлы сайланды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, ұйымның жұмысын әрі қарай дамыту бағыттары талқыланды.
Конференция соңында мерейлі жас иелеріне ардагерлер ұйымының атынан алғыс хаттар табысталды.

шыңғырлау ардагерлер (1) шыңғырлау ардагерлер (2) шыңғырлау ардагерлер (3) шыңғырлау ардагерлер (4)

БҚО Ардагерлер кеңесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале