2.07.2025, 19:07
Оқылды: 373

Шыңғырлауда аудан әкімі шаруа қожалықтарын аралады

Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев жұмыс сапарымен ауылдық округтерді аралап, жергілікті шаруалардың тіршілігімен танысты. Сапар барысында аудан басшысы «Жаңа жер» ШҚ мен «Усманғалиев» ШҚ-на арнайы барып, аграрлық маусым барысын көзбен көрді.

image-02-07-25-06-57-8

Ең алдымен «Жаңа жер» шаруа қожалығына барған аудан әкімі арпа егісінің жиналу барысын бақылады. Жауапты мамандар биылғы түсімнің орташа көрсеткіштерін айтып, жинау жұмыстарының кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда шаруашылықта техника жеткілікті, жұмыс күші ұйымдастырылған.

image-02-07-25-06-57-4
Келесі нысан – «Усманғалиев» шаруа қожалығы болды. Мұнда аудан әкімі көпжылдық шөптің өсімі, шабу және тасымалдау барысымен танысты. Қожалық басшысы О.Усмангалиев шөптің сапасы мен қысқы мал азығын дайындау жоспары туралы баяндады.

image-02-07-25-06-57-2

Аудан әкімі М.Өмірәлиев бүгінгі таңда мемлекет тарапынан шаруаларға көрсетіліп отырған нақты қолдауларды атап өтіп,ауылшаруашылық өнімінің сапасы мен көлемін арттыру – негізгі басым бағыттардың бірі екеніне назар аударды. Сонымен қатар, еңбек адамдарының маусымдық жұмысты дер кезінде әрі сапалы аяқтауына сәттілік тіледі.

image-02-07-25-06-57
Аудан әкімінің бұл іссапары – жергілікті шаруалармен байланыс орнату, мәселелерін тыңдау және қолдау шараларын нақтылау бағытында маңызды болды.

С.Ешматқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале