15.02.2025, 9:00
Оқылды: 263

Шыңғырлауда Ауған соғысы құрбандарын еске алды

Шыңғырлау ауданында 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай және 8 ақпан – Кеңес әскерлерінің тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 24 жыл толуына орай жауынгер-интернационалистер тақтасына гүлдестелерді қою рәсімі өтті.

475122856_2061351270943297_2428173264086509488_n

Шараға қатысушылар өз азаматтық борышын өтеу барысында қаза болған жерлестерін үнсіздікпен еске алды.

475536444_2061351234276634_6514976833060589773_n
Алғашқы сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Миржан Нұртазиев сөйлеп, ардагерлерге ерліктері үшін алғысын жеткізді.

478586026_2061351020943322_3854446973537297889_n

Кейін «Шыңғырлау ауданының ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Баймукашев пен ардагерлер ұйымының төрағасы Сабырғали Сәмиев сөз алды. Ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, сол сұрапыл кездердің куәгерлері – ардагерлерге барша ауылдастарының атынан алғыс білдірді. Осыдан соң жауынгер-интернационалистер тақтасына гүлдестелер қойылып, батырлар рухына тағзым етілді.

479564396_2061351180943306_6085807023113209365_n
Бұл рәсімнен кейін аудандық мәдениет үйінде «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» атты ардагерлермен кездесу кеші өтті. Халықтық «Шаңырақ» театрының көрінісімен басталған шара патриоттық әндермен жалғасын тапты. Көрермен қатарында отырған жас буын - оқушылар ардагерлердің ерліктері жайында ақпарат алып шықты. Сондай-ақ сахна жанына аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің көрмесі қойылып, кеш қонақтарына таныстырылды.
Концерттік бағдарламадан кейін аудандық мектептердің сарбаздарының қатысуымен автоматты бөлшектеу және жинақтау жарысы өткізілді. Л.Қлышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Гүлсезім Амандық өзге қатысушылардан озып, үздік шығып, көрермен көзайымы болды. Жарыстың жеңімпаздарын марапаттаған Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы подполковник Қуат Ахметкалиев кеш қонақтары – ардагерлерге Алғысхаттарын табыстады. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтимов те ардагер-жауынгерлерге шағын сый сыяпаттарын ұсынды. Кездесу кеші Сансызбай Сұлтанғалиевтің орындауындағы «Сарбаз» әнімен қорытындыланды.

479522353_2061351334276624_5198909638189308055_n
Ел алдындағы азаматтық борышын өтеп жүріп, ауған жеріне аттанып, 10 жыл бойы ерлік пен батылдықтың жарқын үлгісін көрсеткен жауынгер-интернационалистер қашан да құрметке лайық. Өскелең ұрпаққа ардагерлердің ерліктерін үлгі қылып, дәріптеу, батырлықпен қаза тапқан жерлестердің рухына тағзым ету – әрбіріміздің міндетіміз.

Әсел Әлім
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале