2.10.2024, 12:00
Оқылды: 142

Шыңғырлауда «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы таныстырылды

Шыңғырлау ауылдық округіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай бойынша кездесу өтті. Ауданға іс-сапармен келген «Жайық таңы» қоғамдық бірлестегінің төрайымы Гүлбаршын Муштанова жиынға қатысқан дербес бөлім басшыларына, мемлекеттік қызметшілерге «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасын таныстырды.

58812E0D-CEB0-4E65-9D48-B482220587F4

Бұл жобаны АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен «Десента» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатыр. Жалпы жоба Үкіметтің жергілікті басымдықтар мен қажеттіліктерге ден қоюын жақсарту үшін қалалық және ауылдық аудандардағы жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару органдарына тікелей көмек көрсетуге бағытталған.

645EE323-C5A9-4310-AC0C-ECBDBDF88DE9

Осы мақсатта жобаға байқау негізінде төрт облыс іріктеліп алынған. Олар – Батыс Қазақстан облысы, Жетісу, Ұлытау, Павлодар облыстары. Осы өңірлерге қарасты бес ауылдық округ таңдалынып алынып, бюджеттеріне талдау жүргізіліп, жасалған жұмыстар, жергілікті қоғамдастық жиындарының қажеттіліктері, идеялары мен ұсыныстары негізінде 2025 жылға арналған ауылдық округтері бюджетінің кіріс бөлігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірленген болатын.

E428BAD0-8A5E-4565-AFC8-63B404B969A3

БҚО бойынша іріктеліп алынған бес округ ішінде Шыңғырлау ауылдық округі бар. Ауылдың жан-жақты дамуы, жалпы округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде толықтай қамтылған баяндама жасаған Гүлбаршын Мақсотқызы аталмыш жоба асындағы жоспарлар, атқарылатын жұмыстар бойынша ақпарат берді.

Алдағы уақытта «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы негізінде бірлескен, нәтижелі жұмыстар жүргізілетін болады.

Әсел Әлім

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале