Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жасөспірімдер арасында бокстан турнир басталды.
Турнирге Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларынан және облысымыздың Ақсай, Бөрлі, Бөкейорда, Бәйтерек аудандарынан, Орал қаласынан «Оқушылар сарайы», «Ринг» БҚ «Арена», «Бәйтерек» құрама командалары мен Шыңғырлау ауданының боксшылары қатысып жатыр.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөз алып, жасөспірімдерге жеңіс тіледі.
Турнирдің демеушілерінің атынан сөз алған Ерболат Усманғалиев та барлық балғын боксшыға арнап тілегін жеткізді. Сонымен қатар ашылу салтанатында демеушілер Руслан Рабаев, Азамат Ұлжанов, Ерсайын Жолдасбаев аудандық бокс мектебінің спортшыларына спорт киімдерін сыйға тартты.
Тартысты ойын үш күнге ұласады.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz