4.07.2024, 10:00
Оқылды: 104

Шыңғырлауда бокстан жасөспірімдер арасында турнир өтті

Шыңғырлау ауданында талай жыл спорт саласында ел игілігі үшін елеулі еңбек еткен азамат Пятин Александр Ильичтың құрметіне арналған және белгілі кәсіпкер Рамзан Камзаевтың жүлдесі үшін бокстан жасөспірімдер арасындағы қалааралық турнир өткізілді.

Бокс орал жп

Төрт күндік турнирге Орал, Ақтөбе, Ақсай қалаларынан, сондай-ақ көршілес аудандардан сегіз команда, жалпы 80-ге жуық спортшы қатысты.

Жас боксшылар бұл додада сынға түсіп қана қоймай, біліктіліктерін арттырып, шеберліктерін шыңдай түсті. Жаңа таныстықтар болып, әр өңірден келген спортшылар, бапкерлер бір-бірімен тәжірибе алмасты.

CDAF19E8-7D16-4EA4-8901-2B2EBE772D2C

26-64 келі салмақ аралығында бақ сынаған жас боксшылардың ішінен оза шауып, қарсыластарынан басым түскен үздіктерді аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, бас төреші Александр Пятин, спорт ардагері Әскербай Саматов, Ақтөбе қаласынан келген спорт шебері, бокстан жаттықтырушы Нұркен Аманғалиев, жарыстың бас хатшысы Жандос Қуаныш марапаттап, диплом, медальдарын табыстады.

Сан тараптан спорт сүйер қауымды жинап, үлкен-кішінің басын қосқан осындай турнирлер аудан даңқын биіктете түспек. Ауқымды додалардың көптеп өткізілуі спорт саласында айтулы орны бар азаматтарды ұлықтап, құрмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Әсел Әлім

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале