4.09.2020, 15:11
Оқылды: 72

Шыңғырлауда бұлақтардың көзін ашу жұмыстары жалғасуда

Шыңғырлау ауданы аумағындағы бұлақтарды іздеп табу, оларды картада белгілеу, қазіргі жағдайын анықтау, болашақта халыққа қандайлықты қажеттілігін зерттеп білу, осы бойынша басқарушы мемлекеттік органдарға ұсыныстар беру бағытын басшылыққа алған аудандық туризм және экология орталығында «Кәусар» бағдарламасы жұмыс істеуде.

????????????????????????????????????

Карантиндік жағдайға байланысты 2-3 адамнан ғана құрылған зерттеу тобы белгіленген маршрут бойынша жұмысқа кірісті. Қазірдің өзінде 40 шақты бұлақ бары анықталды (жұмыс әлі жалғасуда). Бүгінгі күні аудан аумағындағы бұлақтарды шартты түрде үшке бөлуге болады.

1) Көзі ашылған, аты белгілі бұлақтар. Бұл бұлақтар қатарына Ақсуаттағы Сарқырама, Ақшаттағы Талдықопа, Сазды және Ақшат бұлағы, Алмаздағы Шибұлақ, Қуағаш, Ардақтағы қос бұлақты атауға болады.

2) Көзі ашылмай белгісіз болып жатқан бұлақтар барлық елді мекендерде де кездесті.

3) Белгілі мерзімде ғана ашылып, кейін тартылып қалатын Сегізсай, Қотантал, Торыатбас, Қаратал, Соркөл елді мекендерінде кездесті. Біз өз тарапымыздан барлық бұлақтарды зерттеп анықтауға тырысқанымызбен көптеген қиыншылықтар кедергі келтірді. Мысалы, бұлақтың қамыстың ішінде, қалың ағаштың ішінде, өзен жарқабағының астында орналасуы. Екіншіден, арнайы дайындығы бар мамандардың, кәсіби техника мен техникалық құралдардың жоқтығы. Үшіншіден, космос арқылы бұлақтарды зерттеп білу мүмкіндігінің болмауы.

????????????????????????????????????

Ауданымыз табиғаты көркем, өзен-сулы, орман-тоғайлы территорияда орналасқан. Өзен-көлдермен бөгеттердің суларын молайтып тұруда бұлақтардың атқарар жүгі мол. Осы тұста тағы да бір жайтты айтпауға болмайды. Алмаз елді мекенінде орналасқан Соркөл атты үлкен, тұзды көл халыққа емдік қасиетімен, мол суымен, тұзды кристалдарға бай болуымен ерекшеленеді. Бір кездері Соркөл көлін молайтып тұрған бұлақтың көзін арнайы жіберілген адамдар келіп бітеп кетуіне байланысты бұл күнде көлдің халі мүшкіл деп айтуға болады. Көл суының молайып, халық игілігіне қызмет етуі үшін жұмыстану керек деп білеміз.

Бұлақтарды іздеп табу барысында біздерге жергілікті тұрғындар тарапынан қолдау-көмек көп болды. Осы орайда барлық селолық округ әкімдеріне, жергілікті тұрғындар Сегізсайдан Зарлық Сүйіндіковке, Алмаздан Айдос Мақсотовқа, Ақшаттан Ақылбай  Иманқұловқа, Ардақтан Аман Шурмановқа айтар алғысымыз шексіз.

Адақ Шотпанов,

Шыңғырлау аудандық туризм және экология орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале